Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жансақтау бөлімінде жатқандардың көбі үйде өзін-өзі емдеумен айналысқан немесе жеке клиникадан дәрігердің нұсқауы бойынша антибиотиктер қабылдаған адамдар.
Тұрғындардан бұндай медициналық көмекке жүгінбеуді не үшін сұрап отырғанымызға тоқталсақ. Себебі жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері хаттамаға сәйкес коронавирусты емдеу нұсқаулары бойынша оқытылмаған. Жеке клиникаларда сіздерге емдеу үшін дереу күшті антибиотиктерді, кейбір гормоналды препараттарды ұсынады. Бұл дұрыс емес! Бұл дәрігерлер COVID-19 инфекциясын емдеу мәселесіне толық жауапты емес екенін білу керек, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Сонымен қатар ол індеттен емделерде мемлекеттік мекемеге жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Біз болсақ, дәрігерлерімізді осы бағытта оқыттық, біліктіліктерін арттыруды жалғастырып келеміз. Сол себепті азаматтардың назарын осы маңызды сұраққа қайта бұрғым келеді. Коронавирусты инфекцияны емдеуде біліктілігі бар қалалық ұйымдардың мамандарына жүгінуді сұраймыз, - деді Тимур Мұратов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы 75 елордалық тұрғынның жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан болатын.