Коронавирустан тағы 9 адам қайтыс болды

29 Тамыз 2020, 09:35
1168
Бөлісу:
Коронавирустан тағы 9 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 29 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 098 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 949 науқас жатыр. 4 149 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 38 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 9 адам көз жұмды, - делінген ведомство мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы