Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның солтүстігінде коронавирустан көз жұмған адамдардың мәйіті қасиетті Ганг өзеніне ағып кеткен. Бұл туралы Euronews телеарнасы хабарлады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, маусымдық су тасқыны терең жерленбеген адамдардың бейітін шайып кеткен. Жергілікті билік өкілдері Аллахабадта адамдарды өртеу шарасын ұйымдастырып, 150 адамның мәйіті өртелді.
Біз су тасқыны салдарынан суға ағып кеткен мәйіттерді өртейміз. Біздің есептеуімізше, 500-600 адам жерленген болуы мүмкін. Өртеу шарасы кезінде барлық қауіпсіздік талаптары сақталады, – деді жергілікті шенеунік Нирадж Кумар Сингх.