Коронавирустан емделіп жатқандар саны 10 мыңға жуықтады

19 Шілде 2022, 10:18
794
Бөлісу:
Коронавирустан емделіп жатқандар саны 10 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда күніне 1400-ден аса адам COVID-19 жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

20 науқастың жағдайы ауыр

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 1450 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 502,
  • Алматыда – 589,
  • Шымкентте – 31,
  • Ақмола облысында – 24,
  • Ақтөбе облысында – 4,
  • Алматы облысында – 69,
  • Жетісу облысында – 43,
  • Атырау облысында – 32,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6,
  • Абай облысында – 2,
  • Жамбыл облысында – 51,
  • Батыс Қазақстан облысында – 5,
  • Қарағанды облысында – 40,
  • Ұлытау облысында – 13,
  • Қостанай облысында – 2,
  • Қызылорда облысында – 13,
  • Маңғыстау облысында – 6,
  • Павлодар облысында – 11,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2,
  • Түркістан облысында – 5.

Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 1 319 494 адамға жетті. 

Сондай-ақ 443 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 85,
  • Алматы қаласында – 154,
  • Шымкентте – 45,
  • Алматы облысында – 44,
  • Жетісу облысында – 16,
  • Жамбыл облысында – 26,
  • Қарағанды облысында – 61,
  • Ұлытау облысында – 5,
  • Қызылорда облысында – 5,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Түркістан облысында – 1.

Елімізде барлығы 1 296 197 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

19 шілдедегі мәлімет бойынша 9 737 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 962 пациент стационарда, 8 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 20 адамның жағдайы ауыр, 3 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы