Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.Жалпы науқастардың арасында 232 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 68 жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 42215, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30562 жетті