Коронавирусқа шалдыққандар арасында 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, BAQ.KZ хабарлайды.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 22 ақпандағы ақпарат 22 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 612 адам коронавирус инфекциясынан (–1 447+ және 165 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 497 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.