Коронавирусқа қатысты шектеулер суицид мәселесін ушықтыра түсті – ЕО

7 Сәуір 2022, 10:43
1439
Бөлісу:
Коронавирусқа қатысты шектеулер суицид мәселесін ушықтыра түсті – ЕО
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Мачей Мадалински ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен суицид туралы отырыста айтты.

Мадалински суицид мәселесі қоғамдағы өте өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.

Әсіресе, коронавирус шектеулеріне байланысты шектеулер, адамдардың науқастануы мен қайтыс болуы сынды ақпарат жағдайды ушықтырды. Адамдар күйзеліске, жабырқауға жиі ұшырайтын болды,-деді ол.

Мадалински атап өткендей, ЕО бұл проблеманы өте өзекті мәселе ретінде қарастырып, әртүрлі тетіктерді пайдаланып жатыр.

Еуропалық одақ қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі бойынша іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Адамдардың психикалық денсаулығын қорғауды ілгерілетіп отыруға аса көңіл бөледі,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы