ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 қарашадағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 728 адам (коронавирустан (КВИ+) 573 науқас және коронавирус пневмониясынан (КВИ-) 155 адам) емделуде. 89 пациент стационарда жатса, 639-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Министрлік мәліметінше, өткен бір тәулікте коронавирус тағы 42 адамнан анықталды. Пневмонияға шалдыққандар жоқ.