Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

16 Наурыз 2021, 12:53
1762
Бөлісу:
Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифинг барысында вирус жұқтырған науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылға дейін коронавируспен ауырған науқастарды емдеуді күнмен есептелген, әр күннің бағасы шығарылып отырған. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі арнайы тариф белгілеген. 

Бір ауыр жағдайдағы науқасты емдеу үшін 930 мың теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жағдайы орташа ауыр науқастарға 450 мың теңгенің шамасында қаражат жұмсалады. Оның барлығы тарифпен емделеді. Ол бір науқасқа көп кетсе де, аз кетсе де осы тарифпен шығарылады. Одан артық қаражат бөлінбейді, - дейді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігі бөліп отырған қаражат коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге толығымен жеткілікті екенін айтты. 

Бұл қаражаттың ішіне дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлерінің жалақысы және барлық аппарат, жабдықтың сомасы кіреді. Бұл жеткілікті, инфекциялық ауруханалар қаражаттан еш кемшілік көріп отырған жоқ, - дейді Нариман Табынбаев.
Өзгелердің жаңалығы