Коронавирусқа қарсы вакцина алудан бұрын не білуіңіз керек: Маман кеңесі

27 Наурыз 2021, 20:20
3709
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы вакцина алудан бұрын не білуіңіз керек: Маман кеңесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір әлеуметтік желілерде вакцина алар алдында не істеу керек жайында ақыл кеңес айтатындар өте көп. Бірақ оларды көбіне медицинадан хабары жоқ адамдар жазып отырады. Яғни олар көрген-білген естіген ақпаратының рас-өтірігінің ара жігіт ажыратып алмай көпшілікке жария етіп жіберіп жатады. Осы жерде сауатты жауап беретін мамандар жетіспей жатқанын байқаймыз.

Сонымен коронавирусқа қарсы вакцинацияға қалай дұрыс дайындалу керек? Ең көкейкесті сұрақтарға беделді ресейлік сарапшылардың бірі - Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Александр Горелов жауап берді. 

Сұрақтар мен жауаптар Кp.ru сайтында жарияланды.

Инъекциядан бір күн бұрын және вакцинациядан кейін бірден антигистаминдерді ішкен жақсы болады деген рас па? Олар қызба, ісіну және қолдың ауыруы сынды жанама әсерлерді азайтуға көмектесе ме? 

- Тек пайдасыз емес, зиянды кеңестер. Алдыңғы вакцинациялардың тәжірибесі антигистаминдердің тиісті аллергиясы бар адамдарға ғана қажет екенін көрсетеді. Олар бұл дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдайды. Басқа адамдар үшін бұл препараттар көрсетілмеген. Сонымен қатар жақында жүргізілген зерттеуде вакцинация кезінде антигистаминдерді «профилактикалық» қабылдау вакцинаға қарсы иммундық реакцияны бәсеңдететінін көрсетті. 

Бір сөзбен айтқанда, кез-келген дәрі-дәрмектерді көрсеткіштерге сәйкес қолдану керек, дейді маман. 

Егер сізде ондай көрсеткіштер болмаса қабылдағаннан пайда болмайды, керісінше зиян болуы мүмкін. 

Егер вакцинациядан кейін тұмауға ұқсас синдром пайда болса: қызу көтеріліп, қалтырау болса, бас ауруып, бұлшықет аурырсынса не істеу керек? 

- Ең жақсысы парацетамол қабылдаған дұрыс. Егер сізге сәл күшті ауырсынуды басатын әсер қажет болса - ибупрофен. Жалпы, бұл екі препараттың да қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсері бар. 

Вакцинацияның алғашқы дозасынан кейін суық тиді делік. Не істеу керек? 

- Вакцинаның екі дозасының арасындағы рұқсат етілген аралық-екі айға дейін. Бұл жағдайда екінші вакцинация жедел респираторлық аурудан (суықтан) кейін екі апта уақыт өту керек. 

Өйткені, вакцинациядан кейін денеде әлсіреген инфекциялық процесс жүреді. Егер бұған тыныс алу вирусы қосылса, организмге салмақ түседі, организм немен күресу керектігін таңдау керек болады. Мұндай шамадан тыс жүктемелерден аулақ болған дұрыс. 

Сондықтан вакцинация арасында денсаулығыңызға ерекше назар аударуды, көпшілік жерге шықпау керек, байланыстарды азайту керек. Міндетті түрде масқа тағып жүру керек. Маска тек ковидтан ғана емес, кез келген ЖРВИ-ден де қорғайды. 

Егер алғашқы вакцинадан кейін адам коронавирус жұқтырса не болады? 

- Бұл жағдайда екінші вакцинация жасалмайды. Сондай-ақ, вакцина алғашқы вакцинациядан кейін орта есеппен 32-42 күннен кейін қорғай бастайтынын еске салғым келеді. Сондықтан демалмаңыз, барынша инфекция жұқтырып алудан сақтаныңыз. 

Ауыз қуысының инфекциясы, қызыл иектің қанауы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табыла ма? 

- Бұл вакцинацияға кедергі келтірмейді. Инъекция бұлшықетке жасалады. 

Көптеген адам тіс емдеген кезде масканы шешу керек болады, сол кезде вирус жұқтырып алу қаупі артады деп алаңдайды. Алдымен ауру тістерімен болса да, коронавирусқа қарсы екпе алып, содан кейін тіс емдеу керек пе? 

- Ең дұрысы алдымен вакцинациялау, содан кейін тіс дәрігеріне бару. Вакцинацияға қарсы көрсеткіш тек ауыз қуысында қатты қабыну процесі болуы мүмкін, ол температураның жоғарылауымен және басқа жүйелік проблемалармен бірге жүреді. 

Созылмалы гастрит, іштің ауыруы, басқа да асқазан-ішек жолдарының аурулары вакцинациялауға қарсы көрсетілім бола алады ма? 

- Кез келген созылмалы аурулары бар адамдар алдымен вакцинациялануы керек. Егер сізде жоғарыда айтылған аурулардың асқынған түрі болса, алдымен оны емдеп, екі аптадан кейін вакцинацияға барған дұрыс. 

Адамдарда созылмалы ринит бар (мұрынның ағуы, мұрынның бітелуі), ал «Спутник V» тұмауға ұқсас синдромды тудыруы мүмкін. Вакцинадан кейін мұрын бітелсе, оның шырышты қабығының ісінуін жеңілдету үшін мұрынға тамызатын кортикостероидтары бар спрей қажет болуы мүмкін. Оны қолдану иммунитетті жоғарылатуға кедергі бола ма? 

- Вакцинацияның тиімділігін тек таблетка түрінде немесе инъекция арқылы қабылданатын гормондарды (кортикостероидтар) төмендетеді. Ингаляциялық гормондар және жергілікті қолданылатын басқалар (мысалы, жақпа түрінде) ағзаға жүйелі әсер етпейді. 

Сонымен, вакцинациядан кейін риниттің өршуі кезінде дәрігер тағайындаған антигистаминдер мен кортикостероидтарды интраназальды түрде қолдануға болады (мұрынға арналған спрейлер мен тамшылар). 

Вакцина салғызбас бұрын қандай да бір анализ не болмаса тексерулерден өту керек пе? 

- Жоқ. Ең бастысы, вакцинация күні өзіңізідің қалыпты жағдайыңыз болу керек. Ешақндай ыңғайсыздық, не бір нәрсе мазалап, ауырсыну болмау керек. Егу алдында пациентті дәрігер қарайды, қан қысымын өлшейді, температурасын және шырышты қабықтардың (мұрын, тамақ) жағдайын тексереді. 

Егер адам инъекциядан қорқатын болса, тыныштандыратын дәрілерді қабылдауға бола ма, ол қандай да бір әсер ете ме?

- Иә, әрине. Сонымен бірге мазасыздыққа байланысты қысым көтерілуі мүмкін. Сондықтан, вакцинация күні таңертең қан қысымын өлшеңіз, егер ол жоғарыласа, дәрігер ұсынған тиісті препараттарын қабылдаңыз. 

Адамда белгілі бір дәрі-дәрмектерге аллергия бар делік, ол ковидке қарсы вакцина салдырта ала ма? 

- Вакцинация жасамас бұрын міндетті түрде бұл жөнінде дәрігерге айтыңыз. Сізге аллергия болған дәрілік компоненттерге байланысты дәрігер басқа вакцинаны ұсына алады. Олардың құрамы басқа. 

Вакцинациядан кейін антиденелерді тексеру керек пе? 

- Болады, бірақ соншалықты қажет емес. Антиденелердің деңгейі эпидемиологиялық зерттеулер үшін зерттеледі. Яғни халықтың қай бөлігінде иммунитет жақсы қалыптасқанын білу үшін жасалады. 

Егер сіз өзіңіз үшін антиденелердің деңгейін білгіңіз келсе, онда болады. Уақыт өте келе, бұл деңгей кез келген жағдайда төмендейді, бірақ бәрібір жасушалық иммунитет қалады, бұл қорғауды қамтамасыз етеді.

 



Өзгелердің жаңалығы