Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды

19 Мамыр 2021, 22:45
1419
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлады. 

Атап айтқанда: ауруханаға жатқызудың кез келген түрі үшін, ұйымдасып, ұжымдарға барған кезде, вахталық қызметкерлерге, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне және басқа адамдарға ПТР тест талап етілмейді. 

COVID-19 расталған адамдармен байланыста болған жағдайда оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі; 

Кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды. 

Сонымен қатар шетелге сапарға шыққан кезде ПТР анықтамасы талап етілмейді. 

1 шілдеден бастап екпенің екі компонентін салдырған адамдардың статусы «Ashyq» қосымшасында «жасыл» түсті көрсететін болады.



Өзгелердің жаңалығы