Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 167 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 081 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.