Алматы, BAQ.KZ. Қытайдағы Харбин қаласының короновирус жұқтырған тұрғыны өмірге дені сау қыз бала әкелді. Бұл туралы "Сина" порталы хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Ота сәтті жасалып, әйел салмағы 3,3 келі қыз баланы өмірге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша нәрестенің денсаулығы жақсы. Ана мен бала бөлек палатаға жатқызылған.
Дәрігерлер нәрестенің қанынан екі рет анализ алып, короновирусқа тексерген. Алайда зертханалық тест екі ретте де жақсы нәтиже көрсеткен. Осы аралықта баланың анасы да тәуір болып, жазыла бастаған. Әзірге бала ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.
Бұған дейін Қытайда коронавирустан өлгендер саны 361 жетіп, 17 205 адам қауіпті вирусты жұқтырғанын хабаралғанбыз.