Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың ошағы болған Ухань қаласында уақытша салынған арнайы госпиталь жабылды.
Себебі коронавируспен ауырғандар саны азайған. Бұл туралы қытайлық БАҚ жазды.
Цзяокоу ауданындағы уақытша ауруханадан 34 науқас емделіп шықты. Қалғандарын басқа ауруханаға ауыстырды. Содан соң аурухана "демалыс" режиміне көшті және науқастарды қабылдамайды.
Соңғы уақытта Қытайда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Коронавирус ошағы болған Хубэй провинциясының өзінде ахуал тұрақталды.
Қазір әлем бойынша 65 елде коронавирус тіркелді.