Коронавирус. Уханьда тағы локдаун жарияланды

27 Шілде 2022, 16:19
1467
Бөлісу:
Коронавирус. Уханьда тағы локдаун жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дың алғаш таралған жері болып саналатын Қытайдың Ухань қаласында тағы да локдаун жарияланды. 

Бұл туралы Bloomberg хабарлады. 

11 млн-нан астам тұрғыны бар қала халқы аса қажеттілік болмаса, далаға да шығуына болмайды. Қоғамдық көліктер де тоқтаған. Ал ойын-сауық орталықтары коронавирусты жұқтырған симптомсыз науқастар анықталған соң үш күнге жабылды. 

Қытай оқшаулану, қозғалысты шектеу мен жаппай тестілеуден тұратын Covid Zero атты cтратегиясын ұстанып отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Шэньчжэндегі оңтүстік өндірістік орталығына да баса назар аударылып отыр. Өйткені бұл жерде 150-ден астам адам вирус жұқтырғаны анықталды. 

Өзгелердің жаңалығы