Коронавирус: Twitter қызметкерлері үйден жұмыс істейді

3 Наурыз 2020, 14:44
1496
Бөлісу:
Коронавирус: Twitter қызметкерлері үйден жұмыс істейді

Алматы, BAQ.KZ. Бірінші кезекте бұл Гонконг, Жапония және Оңтүстік Кореядағы қызметкерлеріне қатысты. Бұл туралы компания таратқан хабарламада жазылған.

Бүгіннен бастап әлемдегі барлық қызметкерімізге үйден жұмыс істеуді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – COVID-19 коронавирусының айналамызға таралуын төмендету. Кейбір қызметкеріміз үшін үйде жұмыс істеу ыңғайлы емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін кеңсеге келуге рұқсат. Әсіресе Гонконг, Жапония және Оңтүстік Кореядағы қызметкерлер үшін үйде жұмыс істеу міндетті болмақ, - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, компаниядағылар жұмыс режиміне қатысты талаптар алдағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін де ескертті.

Өзгелердің жаңалығы