Коронавирус. Тәртіпсіздіктер індеттің өршуіне қалай әсер етті?

25 Қаңтар 2022, 17:48
1348
Бөлісу:
Коронавирус. Тәртіпсіздіктер індеттің өршуіне қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, індеттің өршуіне «Омикрон» штамы себеп болған.

Аурушаңдықтың өршуі «Омикрон» штамының ерекшеліктерімен байланысты.  Әрине, жаңа жыл мерекесі кезінде халықтың тығыз байланысы, ішкі, сондай-ақ сыртқы миграция секілді адамдардың жаппай әрі-бері жүруі – бұл да аурудың таралуына ықпал ететін фактор. Тәртіпсіздіктер де аурушаңдықтың өсуіне әсерін тигізеді, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол індеттің өршуі мәселесі көпфакторлы деп отыр.

Яғни бұл – аурушаңдықтың көпфакторлық өсімі деген сөз. Бүгінде біз еліміздің бүкіл өңірінде аурушаңдықтың өскенін көріп отырмыз. Қандай да бір өңірде ауру асқынды, қандай да бір аймақта ол жоқ деп айта алмаймыз. Бүкіл Қазақстан «қызыл» аймақта. Осы орайда аурудың таралуы да бүкіл облыста орын алуда, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы