Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті індет тамақ арқылы таралмайтынын мәлімдеді.
ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан вирустың тамақ арқылы тараған жайттары тіркелмегенін айтты.
Мамандардың айтуынша, вирус тағамдардың қорабында болуы мүмкін, алайда әзірленген тамақта болмайды. Бұған дейін Бразилиядан Қытайға экспортталған тауық етінің қорабынан коронавирус табылғаны айтылған еді.
Біздің білуімізше Қытай тауық етінің қорабын тестілеуден өткізген. Бірнеше жүз қораптың онынан вирус анықталған. Әрине, вирус тағамдардың қорабында, беткі қабатында болуы мүмкін. Егер азықта болса, ол дайындалған кезде жойылып кетеді, - дейді сарапшы.