Коронавирус: Түркия туристік маусымды кейінге қалдырды

12 Наурыз 2020, 15:54
1708
Бөлісу:
Коронавирус: Түркия туристік маусымды кейінге қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирусқа байланысты туристік маусымның басталуы сәуірдің 15-іне қалдырылды, деп жазды Хабар24.

Түркияның мәдениет және туризм министрлігі туроператорлар мен қонақ үйлерге осындай ұсыныстар жіберді, деп хабарлады Анадолу.

Әдетте Түркияда наурыз айының соңында туристерді қабылдау маусымы басталатын. Сондай-ақ ел билігі Түркияға туристік сапарлар ұйымдастыруды 15 сәуірден кейінгі мерзімге қалдыруға шақырды. Бұған дейін Туркияда алғашқы коронавирус жағдайы тіркелегені хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы