Коронавирус. Шілдеде Қытайда омикрон-штамның 10 түрі анықталды

20 Шілде 2022, 20:32
1423
Бөлісу:
Коронавирус. Шілдеде Қытайда омикрон-штамның 10 түрі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда соңғы екі аптада COVID-19 штамының 10 түрі анықталды. 

Бұл туралы «Хуанцю Шибао» басылымы хабарлады. 

Қазіргі уақытта елде коронавирустың омикрон штамының бірнеше түрі таралып жатыр. Сиань мегаполисінде 6 шілде күні алғаш рет омикронның ВА.5 түрін жұқтыру дерегі тіркелген болатын.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жұқпалы індеттің өзге түрлері Шанхай, Тяньцзинь, Циндао, Далянь, Ланьчжоу және Гуанчжоу сынды ірі қалаларда тіркелген. 

Елдің денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы күндері Қытайда коронавирус жұқтырған 700-ден астам жағдай анықталған. 

Өзгелердің жаңалығы