Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін - деп жазды Президент өзінің твиттердегі парақшасында.