Коронавирус. Қытайда қатаң шектеулер енгізілді

10 Тамыз 2022, 17:00
1125
Бөлісу:
Коронавирус. Қытайда қатаң шектеулер енгізілді

Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімжіде коронавирустың көп таралуы себепті 5 күндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

4 млн-нан астам халқы бар өңірде індет өршіп тұр. Осы аптада енгізілген шараларға сәйкес, Үрімжі қаласының алты ауданының тұрғындарына көшеге шығуға шектеу қойылды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу режіміне көшірілген. Тек ауылшаруашылық базарлары, алғашқы қажеттілік тауарларын сататын дүкендер, дәріханалар мен ауруханалар ғана ашық. 

Қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы да уақытша шектелген. Бес күн бойы аса қажет болмаса, Үрімжі қаласына келуге, кетуге тыйым салынып отыр. Сонымен қатар 500 мың адам тұратын Инин қаласында да коронавирусқа байланысты шектеу шаралары енгізілді. 

Шілде айының соңынан бері Үрімжі, Хотан, Турфан, Аксу, Болэ, Хами сынды қалаларда індеттің таралуы жиілеген.   

Өзгелердің жаңалығы