Коронавирус: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

28 Желтоқсан 2021, 09:17
987
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі эпиджағдай туралы баяндап берді.

Денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, әлемде ауру деңгейі өсіп келеді. Оның ішінде соңғы айда ауру Еуропада 11%-ға өскен, Тынық мұхит өңірінде және Африкада 10%-ды құрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада 18 елде ауру өскен, оның ішінде Испанияда, Италияда - 97%, Данияда –89%, Ұлыбританияда, Португалияда – 69%, Францияда –39%-ға өскен. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 32%-ға төмендеді, - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Күн сайын орта есеппен оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 500-ге жуық және теріс ПТР тестімен 50-ге жуық жағдайы тіркеледі, - деді ол Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы