Коронавирус: Қайтыс болған екі науқас туралы

24 Сәуір 2020, 15:29
1246
Бөлісу:
Коронавирус: Қайтыс болған екі науқас туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған екі науқас туралы ақпарат таратты.

24 сәуір сағат 09:30 Алматы қаласында қайтыс болған науқас туралы ақпарат:

Қайтыс болған 1957 жылғы науқастың күйеуінің айтуы бойынша, ол бір апта ішінде жөтелге және температураның жоғарылауына шағымданған. Өз бетінше үйінде емделген. 23 сәуір күні кешке кенеттен тұншығып, есінен танған. Жедел медициналық көмек келгенге дейін науқас қайтыс болған. Коронавирусқа тапсырылған анализ - оң нәтижені көрсетті.

24 сәуір - 14:10 қайтыс болған науқас туралы ақпарат:

Қайтыс болған екінші науқас 1945 жылғы. 12 сәуірде COVID-19 диагнозымен инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қосымша аурулары да болған: артериалдық гипертензия, созылмалы пиелонефрит, мидың алдыңғы бөлігіндегі артерияның аневризмасы, екіжақты пневмония.  Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, жағдайы өте ауыр болған.



Өзгелердің жаңалығы