Коронавирус. Қандай жағдайда карантин уақыты қысқарады?

25 Қаңтар 2022, 09:50
1610
Бөлісу:
Коронавирус. Қандай жағдайда карантин уақыты қысқарады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

 Оның айтуынша,  «Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және Ashyq-тағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралған.

Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ведомство басшысы бұл қағидалардың қайда енгізілгеніне тоқталды.

Бұл өлшемшарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты, - деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы