Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ақпарат жариялады.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 863 адам короновирус инфекциясынан (12 989 КВИ+ және 11 874 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 239 адамның жағдайы ауыр;
• 50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.