Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 109 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26914 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.