Коронавирус. Отыздан астам адамның жағдайы ауыр

6 Тамыз 2022, 11:00
3256
Бөлісу:
Коронавирус. Отыздан астам адамның жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған 30-дан астам адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда 28 469 қазақстандық (–28 157+ және 312 КВИ) жұқпалы дерттен емделіп жатыр. 

1466 пациент стационарда ем қабылдаса, 27003 адам амбулаторлық деңгейде емделуде. КВИ+ және КВИ- науқастардың арасында 34 пациенттің жағдайы ауыр. 9 адам аса ауыр халде, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алуда.  

Өзгелердің жаңалығы