Коронавирус. Қостанай облысында қайтыс болған азамат өздігінен ем алған

15 Сәуір 2020, 13:30
1576
Бөлісу:
Коронавирус. Қостанай облысында қайтыс болған азамат өздігінен ем алған

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында қауіпті індеттен бір адам қайтыс болды. Бұл аймақта тіркелген алғашқы жағдай.

12 сәуірде Жітіқара қаласының 1945 жылғы тұрғыны мен 1955 жылғы тұрғыны коронавирус белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Пациенттің айтуынша, вирустың алғашқы белгілері 5 сәуірде пайда болған. Алайда, ауруханаға жүгінбеген, өздігінен ем алған. Екі пациент те өзге адамдармен байланыста болмағанын айтады. Арнайы тексерістен кейін екі науқастан да коронавирус инфекциясы анықталған,-деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник онлайн-брифинг барысында.
Оның мәліметінше, 14 сәуір күні 1945 жылғы науқастың жағдайы күрт нашарлап, ыстығы 
көтерілген.
Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Алайда, таңғы сағат 8.30-да науқас қайтыс болды. Онымен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Ал, 1955 жылғы науқас Жітіқара ауруханасының инфекциялық стационарында ем қабылдауда. Оның жағдайы қалыпты,-деді басқарма басшысы.

Бүгінде еліміз бойынша жалпы 1275 науқас коронавирус індетімен тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 294 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында - 81 адам, Ақмола облысында - 80 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 126 адам, Батыс Қазақстан облысында - 18 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам. Жазылып шыққандар – 203, қайтыс болғандар – 15.



Өзгелердің жаңалығы