Коронавирус: Үндістан туристерге кіруге тыйым салды

12 Наурыз 2020, 12:02
1700
Бөлісу:
Коронавирус: Үндістан туристерге кіруге тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыздан бастап Үндістан билігі туристерге кіруге тыйым салды. Бұл шара 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін әрекет етеді.

Аталған уақыттан бастап бұрын берілген визалардың күші жойылады. Тек дипломатиялық, ресми, БҰҰ, жұмыс және жобалық визалар жарамды.
Гоаға баруға жиі рәсімделетін электронды tourist e-visa тоқтатылды. 

Үндістанға жақын уақытта баруды жоспарлағандар Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дипломатиялық өкілдіктерге жүгінуге болады.
Үндістанға келген барлық саяхатшылар, оның ішінде Қытай, Италия, Иран, Корея Республикасы, Франция, Испания және Германияға 2020 жылдың 15 ақпанынан кейін барған Үндістан азаматтары кем дегенде 14 күн карантинге жатқызылады, - деп жазылған ел үкіметінің қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы