Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласының Білім және ғылым департаменті коронавирустың таралуы туралы жаңалықтарға байланысты тұмау мен ЖРВИ-дің алын алу шаралары туралы бұйрық шығарды.
Бұл туралы 2 наурызда ведомство өзінің Telegram-каналында хабарлады.
Құжат мәтініне сәйкес, білім беретін мекемелер балалармен бір жерге баратын не көп бала жиналатын шараларды тоқтату керек. Сонымен қатар, бассейндегі жүзу сабақтары да болмайды. Бұдан бөлек, білім беру мекемелерінде сабақ басталмас бұрын "таңғы фильтрлер" қойылады. Сонымен қатар, күні бойы балалардың дене температурасын өлшеп отырады. Кімнің қызуы көтерелсе, бірден үйіне қайтарады.
Департамент қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін мұндай қатаң бұйрықтар болмаған және мәдени шараларға тыйым салынбаған. Ведомстводағылар мұны коронавирустың кең тарауымен байланысты деп отыр.
Айта кетсек, коронавирус әлемнің 65 елінде тараған.