Коронавирус: Мальдив аралдарында жүздеген турист қалып қойған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мальдив аралдарында&nbsp;пандемия салдарынан үйіне ұшып бара алмайтын жүздеген турист&nbsp;қалып қалды, деп жазды Weather.com сайты.</h4>

 4 Мамыр 2020 2020, 17:14
4 Мамыр 2020 2020, 17:14
1964

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мальдив аралдарында пандемия салдарынан үйіне ұшып бара алмайтын жүздеген турист қалып қалды, деп жазды Weather.com сайты.

Мальдив аралдарының туризм министрі Али Вахид қазір 500-ге жуық турист аралда тұратынын, олардың әлі үйге бара алмайтындығын айтты. Оның ішінде 100 адам әуежайда орналасқан.

Үкімет демалуға келген саяхатшыларға көмектеседі. Біз үшін олар өзіміздің азаматтарымыз сияқты. Пандемия болатынын олар білген жоқ, сондықтан жақын арада үйлеріне оралады деген сенімдеміз, - деді Вахид.

Коронавирус аралдардағы туризм индустриясын толығымен тоқтатылған. Себебі, ел шекараны жауып, әуе қатынасын тоқтатты, -  деп жазды басылым. 

Бұл мемлекет экономикасына айтарлықтай соққы болды. Өйткені туризм индустриясынан түскен табыс Мальдив аралдарының жалпы ішкі өнімінің 28 пайызын құрайды.

Наверх