Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде 18 сәуірдегі жағдай бойынша эпидахуалды бағалау матрицасындағы ақпаратқа сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО және Қарағанды облыстары тұр.
Сонымен қатар «сары» аймаққа: Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, СҚО және Маңғыстау облыстары енді.
Ал «жасыл» аймақта: Қостанай мен Түркістан облыстары қалды.