Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа ауысты

10 Ақпан 2021, 16:41
2052
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа ауысты. Елімізде 10 ақпандағы жағдай бойынша 198 086 науқас COVID-19 инфекциясын жұқтырған және 48 388 азаматқа КВИ- диагнозы қойылған. КВИ+ бойынша 179 277 науқас және КВИ- бойынша 37 998 науқас сауығып шықты. Инфекциялық төсек-орындардың 26 пайызында (5 348 төсек) науқас бар, реанимациялық төсек-орындардың 18 пайызында (352 төсек) пациент жатыр. Осы аптада эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы бойынша Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа өтті. Үш өңір (Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) «қызыл» аймақта тұр.  «Сары» аймақта – 3 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) бар. Қалған 11 өңір «жасыл» аймақта, - деді ол. 

Цой брифинг барысында ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Шекара маңы аудандарында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктер енгізілді, - деді ол.  

Министрдің айтуынша, ҚР азаматтары үшін, сонымен бірге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін) ұлғайтылған.

Ерекше жағдайларда, яғни емделуге, оқуға бару, қызметпен, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасындағы жағдайы ауыр науқасқа күтім жасау, жолаушы тасымалы, халықаралық тасымал үшін шектеу жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келген (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттерге шетелдіктердің шығуына, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне/аумағы арқылы транзитпен өтуіне рұқсат етіледі, - деді Цой. 

Айта кетейік, бүгінгі брифинг елдегі эпидемиологиялық жағдайға арналды.

Өзгелердің жаңалығы