Коронавирус: карантиннен қашқан тараздық оқшауланды

11 Наурыз 2020, 15:46
1767
Бөлісу:
Коронавирус: карантиннен қашқан тараздық оқшауланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдің жағдайы тұрақты, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында Оңтүстік Кореядан келіп, карантинге жатудан бас тартқан әйелді оқшаулады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жазылды.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасында 8 наурыз күні карантинге жатудан бас тартқан әйел туралы хабарлама түсті. Ол Оңтүстік Кореядан келген. Екі сағаттың ішінде онымен байланысқа шығып, түсіндірілді және карантин режимін сақтау керектігі туралы айтылды, - делінген хабарламада.

8 наурызда медициналық қызметкерлер Т. есімді азаматшаны 14 күндік карантинге жатқызды. Бүгінде жағдайы қалыпты, дене қызуы көтерілмеген және аурудың клиникалық белгілері жоқ. 

ДСМ карантин мерзімінде (14 күн) карантинге жабылған мекемеден кетуге болмайтынын атап өтті. Режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Өзгелердің жаңалығы