Коронавирус. Қарағанды облысында шектеу шаралары күшейтілді

24 Қазан 2020, 15:11
2316
Бөлісу:
Коронавирус. Қарағанды облысында шектеу шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысында шектеу шараларын күшейтуге байланысты тиісті қаулы жарияланды.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қазандағы №39 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулыға сәйкес облыс аймағында шектеу шаралары күшейтілді.

Жексенбі және мереке күндері мынадай шектеу шаралары енгізілді:

- Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, алаңы 2000 және одан да көп шаршы метрді құрайтын СОСО-ның сауда жұмысын тоқтата тұру;

- Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтату тұру.

Сенбі күндері:

- Сауда үйлерінің СОСО-ның, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін және дәріханаларды қоспағанда жұмысында сыйымдылығы 30%, әр келушіге 4 ш.м. сақтаған жағдайда сенбі күні жұмыс режимі 17.00-ге дейін рұқсат етілсін;

- Азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлары сенбі күндері жұмыс режимдері сағат 17.00-ге дейін етіп жұмысында 30%-тен асырмай, 1 келушіге 4 ш.м. кем емес болуын, қаулы талаптарын сақтағанда рұқсат етілсін.

Сонымен қатар жұмыс және демалыс күндері БО-лардың, сақтандыру компанияларының, адвокат қызметінің, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктердің, сот орындаушыларының жұмысын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу керек, - деп жазылған қаулыда.

Облыстың бас санитарлық дәрігері қаулысында көрінетін және қолжетімді жерлерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезинфекциялау кілемшелерін орнату қажеттігін көрсеткен.

Қаулыға сәйкес, жұмыскерлердің денсаулығына, коронавирус инфекциясын жұқтыру мен тарату қаупіне, сонымен қатар аталған талаптардың сақталуына ұйымның жұмыс берушісі жауапты.

Өзгелердің жаңалығы