Коронавирус: Италияда бір тәулікте 756 адам қаза болды

30 Наурыз 2020, 12:31
1566
Бөлісу:
Коронавирус: Италияда бір тәулікте 756 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бұл елде қайтыс болғандар саны 10779-ға жетті, деп хабарлады euronews.com.

Өткен жексенбіде Италияда коронавирустан 756 адам қайтты. Алайда, статистика адам өлімі деңгейінің төмендегенін көрсетеді, сенбі күні 889 адам өмірден озған. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандар саны да төмендеген. 5217 жағдай – бұл соңғы төрт күнде тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Ауруханаларда 74 мыңнан астам пациент ем қабылдауда. Дәрігерлер жағдайдың жақсара түсетініне үміт артып отыр.


Жағдай күніне 10-15 пайызға жақсарып келеді. Бұдан денсаулық сақтау жүйесі жұмысының дұрыс жолға қойылғанын, қолданылған шаралардың нәтиже беріп жатқанын байқауға болады. Мұндай тенденциямен біз біршама адам өмірін сақтап қала аламыз, - деді пульмонолог Лука Рикельди.

COVID-19 індетінен қаза болғандардың жартысынан астамы Испанияда тіркелген. Бүгінде Мадридтегі жабық мұз айдындардың бірін мәйітханаға айналдыруға тура келді. Испанияда өлім-жітім деңгейі төмендемей тұр: жексенбі күні 838 науқас қайтыс болған. Десек те, жаңадан вирус жұқтырғандар саны азайған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен үш күн ішінде қарқын екі есе төмендеді.


Өзгелердің жаңалығы