Коронавирус: Иракта халық ереуілге шықты

9 Наурыз 2020, 18:04
4878
Бөлісу:
Коронавирус: Иракта халық ереуілге шықты

Алматы, BAQ.KZ. Ирак астанасы Бағдадта ондаған адам ереуілге шықты. 

Олар Иракта коронавирустың алдын алу шаралары бойынша мемлекеттің атқарып жатқан жұмысына наразылық білдірді, деп хабарлады 24.kz.

Бұған қоса шерушілер халықты медициналық бетперде және қолғаппен қамтамасыз етуді талап етті. 

Айта кетейік, бүгінде Иракта 56 азамат коронавирус жұқтырған. Тағы 4 адам қатерлі дерттен көз жұмды. Індеттің таралуына байланысты бүкіл ел аумағында білім беру мекемелері мен сауда орталықтары жабылды.

Өзгелердің жаңалығы