Коронавирус. Індетке шалдыққан науқастар саны азайып келеді

28 Наурыз 2022, 11:18
1268
Бөлісу:
Коронавирус. Індетке шалдыққан науқастар саны азайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Бүгінде яғни 28 наурыз күнгі жағдай бойынша инфекциялық стационарда індетке шалдыққан 30 пациент ем қабылдауда. Бұл 10,6%-ға тең. Ал реанимация бөлімшесінде 11 адам жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар жансақтау бөліміндегі 11 адамның 4-і коронавирус инфекциясына шалдыққандар. Бұл реанимация бөлімшесіндегі адамдардың 19,6%-ын құрайды. 3 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауда. 

Айта кетерлігі, 500 мыңға жуық елордалық толық иммундаудан өткен. Бұл белгілі иммундық қабатты қалыптастыруға ықпал еткен. Бірінші компонентпен вакцинацияланғандар саны 512 948 адамға тең болса, екінші компонентті 491 665 адам алған. 

Ал ревакцинациядан өткендер саны 104 041 адамға жеткен.  

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Республикалық оңалту орталығында орын алған тоқаштан шыққан тышқан дауына қатысты жазған болатынбыз. Астаналық СЭС орын алған жайтқа байланысты өнімді өндірген цех жұмысына тексеріс жүргізіп, айыппұл салғандарын айтты. Сондай-ақ ведомство алдағы уақытта бизнес субъектілеріне аутсорсингтік компаниялар мен тамақ өнімдерін жеткізушілерді таңдауда мұқият болуды ескертті. 

Өзгелердің жаңалығы