Коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетінен емделіп жатқан екі науқас қайтыс болды.&nbsp;</h4>

 8 Маусым 2020 2020, 23:06
8 Маусым 2020 2020, 23:06
1531

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетінен емделіп жатқан екі науқас қайтыс болды. Бұл туралы coronavirus.kz сайтында хабарланды.

Олардың бірі – 1957 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны, әйел кісі. Ал екіншісі – Нұр-Сұлтан қаласынан, 1966 жылы туған ер адам. 
 
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 58 адам қайтыс болды.
Наверх