Коронавирус: Атырауда тіркелген науқастардың қалай жұқтырғаны анықталды

27 Наурыз 2020, 15:09
1976
Бөлісу:
Коронавирус: Атырауда тіркелген науқастардың қалай жұқтырғаны анықталды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды. Осыған орай Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі шұғыл Байтолла Ғазизов брифинг өткізді.

Өкінішке қарай, бүгін 27 наурыз күні Атырау  облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды. Бірінші науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген. 26-ші наурызда ЖРВИ-дің белгілері болуына байланысты жедел түрде анализдер алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші науқас 17 наурыз күні Стамбұлдан Алматыға, одан соң Алматыдан Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда Стамбұлдан Алматыға келгендер арасынан инфекция жұқтырған бір адам табылғанын білесіздер. Осыған байланысты сол кісімен қарым-қатынаста болғандықтан біз анализін алдық. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал үшінші науқас Амстердамнан кеше келген. Бірден карантинге жатқызылып, анализдері алынған болатын. Бүгін тест нәтижесінен оның да инфекция жұқтырғаны анықталды. Үш науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық, - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Байтолла Ғазизов.

3 адам да тиісті протоколға сай, емдеуге жатқызылып, қажетті ем-дом шаралары жасалып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, бақылауда деп атап өтті Байтолла Ғазизов. 
Өзгелердің жаңалығы