Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың жаңа жағдайлары мен ауруханалардың толып кетуіне байланысты ішінара карантин енгізді.
Шұғыл жағдайларды қоспағанда, үйден 10 км-ден астам қашықтықта жүруге тыйым салынады. Көптеген дүкен жабылған, аймақ аралық қатынасқа тыйым салынған, азаматтардан тек үйден жұмыс істеуін сұралып отыр.
Германия билігі елде кем дегенде 18 сәуірге дейін қатаң карантиндік шараларды сақталуын жоспарлап отыр. Жергілікті атқарушы орган басшыларының алдыңғы кездесуі кезінде карантинді біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылданған болатын. Алайда Германияда коронавирустың жаңа жағдайларының күрт өсімі байқалған, дәрігерлер пандемияның үшінші толқыны туралы дабыл қағуда.
Польшада да індеттің өршуі байқалған. 21 наурызда елде COVID-19-тің 21 849 жаңа жағдайы тіркелген, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 27% -ға артық болып отыр. Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі барлық жаңа жағдайдың 80%-ы британиялық штамнан туындағанын айтып отыр.