Коронавирус: елордада тағы 1 адам жазылып шықты

4 Сәуір 2020, 15:04
1537
Бөлісу:
Коронавирус: елордада тағы 1 адам жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елордада коронавирустан бір науқастың жазылғанын мәлімдеді.

4 сәуір бойынша коронавирустық инфекцияның 201 жағдайы тіркелді, оның ішінде:

- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);
- 17 адам сауығу нәтижесімен ауруханадан шығарылды;
- бір өлім жағдайы тiркелді. 

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдетуде, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде. Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы