Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар турал ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн брифинг барысында атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен өтетін спорттық жарыстардың өткізу уақытын өзгертілді.
Өздерініз білетіндей төрт жылдықтың басты бәсекесі саналатын жазғы олимпиада ойындары да келесі жылға ауыстырылды. Бұл ретте бізідің спортшылар дайындық жұмыстарын жалғастыра береді. Ұлттық олимпиада комитеті түрлі федерациялармен бірге, атлеттердің жаттығу кестесіне өзгерістер енгізді. Дәл қазір спортшылардың барлығы дерлік үй жағдайында дайындықтарын пысықтап, жаттығуларын жасап жатыр,-деді спикер.
Сондай-ақ, брифинг барысында карантин кезінде барлық қазақстандықтар үй жағдайында отырып онлайн жаттығулар жасауларына болатындығы айтылды.