Коронавирус: Елімізде тағы 33 науқас тіркелді

26 Сәуір 2020, 17:51
1372
Бөлісу:
Коронавирус: Елімізде тағы 33 науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырғандар саны 2693-ке жетті.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 сәуірдің 17:50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде Алматы облысында - 4, Алматы қаласында - 4, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Атырау облысында - 10, Шымкент қаласында - 5, Павлодар облысында - 1, - делінген хабарламада.

Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 488 адам,
Алматы қаласында – 846,
Шымкент қаласында – 167,
Ақмола облысында – 93,
Ақтөбе облысында – 55,
Алматы облысында – 97,
Атырау облысында – 118,
Шығыс Қазақстан облысында – 16,
Жамбыл облысында – 104,
Батыс Қазақстан облысында – 116,
Қарағанды облысында – 113,
Қостанай облысында – 43,
Қызылорда облысында – 177,
Маңғыстау облысында – 27,
Павлодар облысында – 95,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 108, жалпы 2693 науқас тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы