Коронавирус. Елімізде 5 млн-ға жуық адам үшінші рет екпе алған

9 Шілде 2022, 15:11
1955
Бөлісу:
Коронавирус. Елімізде 5 млн-ға жуық адам үшінші рет екпе алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.  

9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 530 881 адам, екінші компонентін 9 314 853 адам салдырды.

Ревакцинациядан өткен адамдар саны – 4 млн 854 мың 343 қазақстандықты құрады.

Бұған дейін  2 201 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатқаны туралы айтылған болатын. 

Олардың ішінде 291 адам – стационарда, 1910 адам – амбулаторлық деңгейде емделуде. КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында 14 пациенттің жағдайы ауыр. 

Өзгелердің жаңалығы