Коронавирус. Елімізде 1500-ден астам адам індетті қайта жұқтырған

18 Қаңтар 2022, 19:11
1201
Бөлісу:
Коронавирус. Елімізде 1500-ден астам адам індетті қайта жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова хабарлады. 

Сонымен қатар ол ел тұрғындарының арасында коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру дерегіне тоқталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 1547 адам індетпен қайталап ауырған. Қаңтар айындағы деректерді айдың соңында аламыз, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Айта кетерлігі, республика аумағында індет өршіп тұр. Соңғы тәуліктің өзінде елде 9700 жағдай тіркелген. Соңғы бір айда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 20 есеге  артты. Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл мемлекет «қызыл» аймақта тұр.

Өзгелердің жаңалығы