Алғаш коронавирус туралы айтқан дәрігер қайтыс болды

7 Ақпан 2020, 10:16
3375
Бөлісу:
Алғаш коронавирус туралы айтқан дәрігер қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Офтальмолог Ли Вэньлян 34 жасында қайтыс болды. Дәрігерлер қанша тырысқанмен, жанын аман алып қала алмады.

Қытайда 2019-nCoV жаңа вирусының етек алғаны туралы алғаш болып хабар берген Врач Ли Вэньлян 7 ақпанға қараған түні пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Уханның орталық ауруханасына сілтеме жасап South China Morning Post газеті жазды.

Пневмония эпидемиясына қарсы күреске офтальмолог Ли Вэньлян, өкінішке қарай, жаңа коронавирустан пневмония жұқтырған, - деп жазылған медициналық мекеменің хабарламасында.

Оны қанша рет жансақтау бөлімінде жатқызғанмен аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Дәрігерде коронавирус 10 қаңтар күні анықталып, ол 12 қаңтарда ауруханаға жатқан.

Айта кетейік, соңғы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте 73 адам қаза тауып, жаман ауру 636 адамның өмірін жалмады. 31 мыңнан астам адам 2019-nCoV вирусын жұқтырды.

Өзгелердің жаңалығы