Коронавирус. Дәріні аурудың қай кезеңінде ішу керек?

10 Шілде 2020, 16:57
1553
Бөлісу:
Коронавирус. Дәріні аурудың қай кезеңінде ішу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында коронавирус кезеңінде дәрі-дәрмекті ішу тәртібі туралы айтты. 

Коронавирус індеті 3 кезеңнен тұрады дейміз. Алдымен, интоксикациялық кезең. Науқастың дене қызуы 38 градустан 40-қа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пен терлеу басталады. Осы кезең бір аптаға созылады. Осы кезеңде ешқандай дәрі-дәрмекті ішпеген абзал. Дене қызуы 38 градустан артса ғана, оны төмендететін дәрі қолданылады. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды. Екінші кезең 3-4 аптаға созылады. Бұл респираторлық синдром деп аталады. Дене қызуы көтерілген соң, құрғақ жөтел пайда болып, ентікпе басталып, буындар сырқырай бастайды. Осы кезде талдау сынамасының нәтижесі бойынша дәрігер антибактериялық дәрі-дәрмекті жазып беруі мүмкін. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды, - деді Малтабарова. 
"Астана медицина университеті" ҰАО Медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі атап өткендей, бірінші кезеңде ешбір дәріні ішуге болмайды. 
Интоксикациялық кезеңде ешбір дәрі ішуге болмайды. Ал респираторлық кезең бойынша, лабораторлық процестер нәтижесі бойынша ғана дәрігер антибиотиктарды қосуы мүмкін, - деді ол.
Ол атап өткендей, интоксикациялық синдром кезінде массаж, дене шынықтыру жаттығуларын жасамау керек.
Тек қана үшінші кезеңде, яғни оңалу кезінде организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасауға болады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы