Әлемге тараған коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды

18 Ақпан 2020, 12:25
1646
Бөлісу:
Әлемге тараған коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 72436-ға жетті. 

Сонымен қатар, бір тәулікте 98 адам Covid-2019 коронавирусының құрбанына айналды. Ал жалпы көз жұмғандар саны 1868 адамға жетті.
Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комитеті хабарлады.

Мемлекет бойынша вирус жұқтырған 72 мыңнан астам адам анықталды. 12,5 мыңнан астам ауруынан айыққан. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай үкіметі Ухань қаласында пневмония ауруының тарағаны туралы хабарланды. Кейіннен аурудың қоздырғышы Covid-2019 коронавирусы екені белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы